Жаңалықтар

қарым-қатынас стиліне, педагогикалық шеберлігі мен кәсіби құзырлығына байланысты екені анық. Сондай табысты жұмыстың нәтижесін баласының балабақшадағы ойын ойнау жағдайын жасау барысында өз еркімен ойын алаңдарын тазарту үшін "Ұлағат", "Салауат" топтарының ата-аналары көрсетті. Баланың мектепке дейінгі шағындағы үйлесімді және жан-жақты дамуы үшін үлес қосып келе жатқан балабақшамыздың жауапты, әрі белсенді ата-аналарына алғыс айтамыз. Біз ата-аналарымызбен мақтанамыз!

 

                  

 

                 

 

 

 

Отбасы балабақшамен бірлесе отырып оқу-тәрбие үрдісінің табысты болуына атсалысса, жұмыс қашанда өзінің оң нәтиже беретіні сөзсіз. Әр баланы жеке тұлға ретінде қабылдап, тәрбие ісіне ата-ананы тікелей қатыстырудың жемісті нәтиже беретінін өмір мен тәжірибе дәлелдеп отыр. Біздің балабақшада осы бағытта ата-аналармен талмай еңбек етіп, өз алдына сабақтастық, ынтымақтастық орнату мақсатында "Бала тәрбиесі баршамызға ортақ" атты іс-шара өтті. Шараға әкелер де, аналар да аса зор қызығушылықпен, белсенділікпен қатысты.

             

 

 

              

 

 

                    

 

 

                  

 

 

                  

 

2023 жылдың 17 наурызында Астана қаласы білім басқармасы мен «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының ұйымдастыруымен №5 «Ақбота» балабақшасының базасында елордамыздың 16 балабақшасының қатысуымен ІІ қалалық «Бестемше» ұлттық ойыны жарысы өтті. Ұлттық ойын жарысында Л.Гумилев атындағы дене шынықтыру және спорт кафедрасының доценті, жоғары дәрежедегі жаттықтырушысы Құланова Құралай Қадырқызы, Тоғызқұмалақтан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Тоғызқұмалақтан әлем чемпионы, мемлекеттік степендия иегері Есіркеп Құндыз Жармұханбетқызы төрешілік жасап, әділ шешімін шығарды. Аудандық кезеңнен жүлделі орын алған бүлдіршіндер қалалық додада зияткерлік, терең ойлау қабілеттерін ортаға салды. Ұлттық ойын жарысының қатысушылары Алғыс хаттармен, баллдары тең түскен №5 «Ақбота», №71 «Мөлдір», №85 «Мейіржан» балабақшаларының жеңімпаздары І дәрежелі, №66 «Толағай» балабақшасының жеңімпазы ІІ дәрежелі дипломдармен және медальдармен марапатталды.

2023 жылдың 16 наурызында 11 балабақшаның қатысуымен өткен ІІ қалалық «Бестемше» ұлттық ойыны жарысының аудандық кезеңінде балабақша тәрбиеленушісі Жексенбек Алинұр Бауыржанұлы қатысып, доданың 7 айналымында да дес бермей тамаша ойын көрсетіп, қалалық жарысқа жолдама алды. Алинұрға СӘТТІЛІК!

2023 жылдың наурыз айына арналған айлық жоспарын сәйкес, балабақшада «Қош келдің, әз Наурыз!» атты іс-шаралар жоспары іске асырылды. Іс-шара барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау жөніндегі нұсқаулықтар жүргізіліп, музыка залы мерекеге сай безендірілді. Мерекеде тәрбиеленушілермен «Оқтау тартыс», «Бестемше», «Ханталапай», «Арқан тарту» т.б ұлттық ойындар кеңінен ойнатылды. Балабақшада құрылған «Әжелер мектебінің» әжелері «Тұсау кесу», «Ат қою», «Қырқынан шығару», «Бесікке салу» т.б салт-дәстүрлерін насихаттады. Қазақтың атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық бұйымдар мен қолөнер туындыларынан көрме қойылып, балалар танымын кеңейту мақсатында саяхат ұйымдастырылды.

МКҚК «№5 «Ақбота» балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!