“Алаңдағы Бестемше” күні!
- Қаралды: 1
https://youtube.com/shorts/21nAPPYHNxU?feature=share
https://youtube.com/shorts/21nAPPYHNxU?feature=share
Бүгін №5 «Ақбота» балабақшасында Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Тоғызқұмалақтан Әлем чемпионатының жүлдегері,
Мангаладан тұңғыш Әлем чемпионы,
Көшпенділер ойындарының чемпионы,Мақсат Есенбекұлының шәкірті – Зкрияев Биғали Жеңісұлы арнайы келіп, педагогтарымызға Түркияның ұлттық интеллектуалды ойыны –Мангаладан шеберлік-сыныбын өткізді. Мангала – бауырлас Түрік елінің мыңжылдық мұрасы.Ал ұлттық мұраны бағалау – достық көпірін нығайту ғана емес, балалардың ой-өрісін кеңейтудің тамаша жолы. Педагогтар мангаланың:
• стратегиялық ойлауды дамытатынын,
• зейінді арттыратынын,
• баланың логикасы мен шешім қабылдау қабілетін күшейтетінін
тәжірибе барысында сезінді.
Бұл ойын интеллектуалды ойын біздің тәрбиеленушілердің білім беру процесіне жаңа мазмұн ретінде енгізілген болатын. Бұл – балабақшадағы кросс-мәдени (ұлттар арасындағы) интеллектуалды тәрбиенің жаңа серпіні.Түркияның ұлттық ойынын үйрену арқылы біз:
• балаларды әлемдік зияткерлік ойындармен таныстырамыз;
• бауырлас халықтардың мәдени байланысын күшейтеміз;
• тәрбие процесіне жаңа әдістемелік бағыт енгіземіз.
Осындай құнды тәжірибе балаларымыздың ойлау қабілетін ғана емес, олардың кең дүниетанымын, өзге мәдениетке құрметін де арттырары сөзсіз.
<p><a href="/https://youtube.com/shorts/To7PVUoybME">